жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанада өтіп жатқан үлкен теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айта кетейік, аталған турнир 21–26 шілде аралығында өткен болатын.

Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Амир Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің түлегі Григорий Ломакин кортқа шықты. Бұл жұптан жанкүйерлер тартысты ойын күтті, алайда шешуші кездесу біржақты өтті. Алғашқы сетте Амир өз басымдығын бірден байқатып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Ломакин жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады. Осылайша, Омарханов Қазақстан чемпионы атанды. Қола жүлдені елордалық теннисші Ислам Орынбасар жеңіп алды.

Ал әйелдер арасындағы басты бәсекеде Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова күш сынасты. Кездесу аса тартысты өтті, қос теннисші де бір-біріне лайық қарсылас екенін көрсетті. Дегенмен, шешуші сәттерде тәжірибесі басым түскен Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты еншіледі. Қола медаль Инкар Дюсебайға бұйырды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар