Спорт

Астанадағы дүбірлі дода: Оралбай қарсыласын екінші рет айқын басымдықпен жеңді

2024 жылғы Париж Олимпиадасың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалында жеңіске жетті

80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай Әзербайжан боксшысы Мурад Аллахвердиевпен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тартысқа толы жекпе-жекте Нұрбек Оралбай айқын басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Бұл кездесу — олардың Париж Олимпиадасынан кейінгі қайта жолығуы. Бұған дейінгі жекпе-жекте де Оралбай қарсыласын 5:0 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.