жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыр атлет Аянат Жұмағали Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды

Ауыр атлет Аянат Жұмағали Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді.

Аянат Жұмағали серпе көтеруде 128 келіні еңсеріп, үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы қоссайыстың қорытындысы бойынша 221 келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Ал жұлқа көтеру сайысында Аянат бесінші орынға тұрақтады - 93 келі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншілегенін жазған едік.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар