Спорт
«Қайрат» - «Реал» матчына билеттер қашан сатыла бастайды?
- авторМағжан Орынбасар
- 4 қыркүйек, 2025
- 771
Ойын 30 қыркүйек күні өтеді
«Қайрат» - «Реал» матчына билеттер қашан сатыла бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қойылған сұраққа жауап бере отырып, қазіргі уақытта «Қайрат» ФК-мен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
«Билеттерді сату құқығы «Қайрат» ФК-ға тиесілі. Бүгінгі таңда біздегі ақпаратқа сәйкес, билеттер ойын өтетін күнге дейін 10 күн қалғанда сатыла бастайды. Яғни, егер матч 30-ы өтетін болса, билеттерді 20-нан бастап сатып алуға болады. Осы орайда, баршаңызды тексерілмеген дереккөздерге сенбеуге шақырамын. Билеттер тек «Қайрат» клубының сайтында немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында сатылады», - деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






