Спорт

"Қайсар" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Жаңалық клубтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Кызылорда өңірінің басты футбол клубы «Қайсар» жаңа маусымды жаңа бас бапкермен бастайды. Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов команда тізгінін ресми түрде қолға алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Андрей Ферапонтов – Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған маман. Ол бас жаттықтырушы лауазымын "Мақтаарал" футбол клубында бастап, "Оқжетпес" командасында жалғастырды. Сондай-ақ "Ақтөбе", "Ордабасы", "Қайрат", беларустік "Рух" командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті.

Ферапонтов қазір Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметін де қатар алып жүр. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі бар екенін көрсетеді.