Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубын жаңа маусымда тәжірибелі маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Андрей Ферапонтов Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған.
— Ол бас жаттықтырушы лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті. Бүгінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарып жүр, — делінген хабарламада.
Ал 3 маусым бойы қызмет атқарған жаттықтырушы Виктор Кумыков келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Қайсар» футбол клубындағы жұмысын аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






