жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қайтадан шақырту алдым": Темірлан Анарбеков қай командадан шақырту алғанын айтты

"Қайтадан шақырту алдым": Темірлан Анарбеков қай командадан шақырту алғанын айтты
instagram.com/anarbekov_temirlan77
Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков ұлттық құрамаға қайта оралғанын мәлімдеді. Ол «Селтикке» қарсы тарихи жеңістің бүкіл команданың еңбегі екенін атап өтіп, алда ұлттық құрамамен де табысқа жетуге сенетінін айтты.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков қайтадан ел сапына қосылды. Бұл туралы ол клубтың ресми парақшасында жарияланған видеода мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Ұлттық құраманың сапына шақырылғаныма қуаныштымын. Соңғы рет Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан едім. Енді қайтадан шақырту алдым. Өткен ойынды ұмытып, бар ойымыз ұлттық құрамада болу керек.

Алла қаласа, жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Қазір жаттығуларға қатысып жатырмыз. Біз дайынбыз деп есептеймін. Құрамаға тыңғылықты дайындалуымыз керек. Ол ойын (Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты матч) тарихқа енді. Алла қаласа, ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз деп сенемін, - деді Анарбеков.

Ол «Селтикке» қарсы тарихи жеңісті де ерекше атап өтіп, бұл жетістік бүкіл команданың еңбегінің нәтижесі екенін айтты. Сондай-ақ бапкерлер штабы мен клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Айта кетейік, «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Алматы клубы алғашқы ойынын 18 қыркүйекте сырт алаңда Португалияның «Спортингіне» қарсы өткізсе, 30 қыркүйекте Мадридтің «Реалымен» күш сынасады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар