Айым Серікбаева таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Айым Серікбаева таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.