Спорт

Қазақ спортшысы Рахым Әділханов АҚШ ұлттық құрамасына қабылданып, алтыннан алқа тақты

Аталған додада 1000-нан астам спортшы бақ сынады

5 шілдеде АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен AAU ұлттық таэквондо чемпионатында қазақ спортшысы Рахым Әділханов +87 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Рахым жарыс барысында 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Оның техникалық шеберлігі мен төзімділігі көрермендер мен төрешілерді тәнті етті.

Жетістігінің арқасында ол AAU Taekwondo ұлттық құрамасына қабылданып, енді АҚШ атынан халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Бұл –спортшы үшін үлкен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қазақ таэквондосының әлемге танылуына жол ашатын айтулы қадам.

Спортшыға бірнеше беделді америкалық командалардан ұсыныс түскен. Соның ішінде ол Tae Ryong Taekwondo Team командасымен келісімшартқа отырды. Бұл команда – АҚШ-тағы ең танымал таэквондо мектептерінің бірі.