Спорт

Қазақстан футбол құрамасы бүгін Уэльспен кездеседі

Кездесу қазақстандық уақытпен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Уэльске қарсы өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бас төреші міндетін испаниялық Алехандро Эрнандес атқарады. Оған отандастары Хосе Наранхо мен Диего Санчес көмектеседі.

Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Хосе Луис Мунуэра.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 3 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, төртінші орындағы Қазақстанның 3 ұпайы бар. Олардан басқа аталған топта Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн сынға түседі.

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Алғашқы ойында Қазақстан аталған қарсыласына сырт алаңда 1:3 есебімен жол берген еді. 
Сондай-ақ ұлттық құрама 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

Уэльс құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»).

Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), Бенджамин Кабанго («Суонси»), Неко Уильямс («Ноттингем Форест»), Джей Дасилва («Ковентри»), Ронан Кпакио, Дилан Лоулор (екеуі- «Кардифф Сити»).

Жартылай қорғаушылар: Джош Шиэн («Болтон»), Джордан Джеймс («Ренн»), Кай Эндрюс («Мазервелл»), Сорба Томас («Нант»), Дэвид Брукс («Борнмут»), Чарли Крю («Лидс»), Харри Уилсон («Фулхэм»).

Шабуылшылар: Киффер Мур («Шеффилд Юнайтед»), Бреннан Джонсон («Тоттенхэм»), Дэниел Джеймс («Лидс»), Лиам Каллен («Суонси»), Нейтан Бродхед («Ипсвич Таун»), Марк Харрис («Оксфорд Юнайтед»), Луис Кумас («Сток Сити»).

Сондай-ақ бүгін аталған топта 23:45-те Лихтенштейн және Бельгия құрамалары сынға түседі.

Ал А тобында Люксембург пен Солтүстік Ирландия, Словакия мен Германия, Е тобында Грузия мен Түркия, Болгария мен Испания, G тобында Литва мен Мальта, Нидерланд пен Польша шеберлік байқасады.