Спорт

Қазақстан футзал қауымдастығына жаңа президент тағайындалды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

  Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚФФ-ның мәліметінше, Нұрсұлтан Құрман 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығы президентінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл кезеңде ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жетекшілік еткен.

2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болған. Сонымен қатар 2025 жылдың мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енген.

ҚФФ өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін осы қызметті атқарған Талғат Қосмұхамбетов Қазақстан футзал қауымдастығы вице-президенті болады.