Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті
Қазақстан мен Солтүстік Македония кездесуі тең нәтижемен аяқталды
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Қазақстан ұлттық құрамасы топ көшбасшысы — Солтүстік Македониямен тең ойнады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Матч алдында команда бірқатар қиындықтарға тап болды: Максим Самородов дисквалификацияға ұшыраса, Дастан Сатпаев пен Рамазан Оразов жарақаттарына байланысты алаңға шыға алмады.
Кездесу барысында қақпашы Мұхаммеджан Сейсен бірнеше қауіпті соққыларды қайтарып, командасын бірнеше рет құтқарып қалды. Тіпті македониялық жанкүйерлер оның ойынына кедергі келтіру үшін лазерлік көрсеткіш қолданған.
54-минутта Дінмұхаммед Қараман алғашқы голды соғып, Қазақстанды алға шығарды. Бірақ 74-минутта қарсылас таразы басын теңестірді.
Айта кетсек, бұл матчқа дейін Солтүстік Македония 6 кездесуден кейін 12 ұпай жинап, өз тобында көш бастап тұрған еді.