Спорт

Қазақстандық Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

Финалға шығу үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан қырғызстандық Амантура Исмаиловтан басым түсті.

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Алматбек Аманбек Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

72 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалдық белдесу 3:1 есебімен біздің спортшының пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Ербол Камалиев жартылай финалда солтүстік кореялық Се Ун Риге мерзімінен бұрын есе жіберді. Енді ол қола жүлде үшін белдеседі.