Спорт

Қазақстандық каратэші Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Каратэші Жоламан Биғабыл Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, қола медаль үшін өткен жекпе-жекте иорданиялық спортшы Абдалла Хаммадпен кездесті.

Кездесуде қазақстандық спортшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Жоламан Биғабыл Ислам ойындарында каратэден Қазақстан құрамасына алғашқы медальді сыйлады.