Спорт

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті.

Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан кеткен есесін қайтарды.

Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.