Спорт

Қазақстандық таеквондошы Ислам ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық таеквандошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Аймұқашева Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен жеңді.