Қазақстандықтар Париж Паралимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алды
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 1.3k
Қазақстандықтар Париж Паралимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Франция астанасында өткен XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпаздары – Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлер – Ерғали Шәмей (пара дзюдо) мен Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), қола медаль иегерлері – Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) және басқа да спорт түрлеріндегі ұлттық құрама спортшыларын Астана әуежайынан қарсы алды.
Айта кетейік, 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеде ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 39-орынға тұрақтады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






