дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті
Бейбіт Жұқаев. Фото - ашық дереккөзден
Қазақстандық, әлемнің 182-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Гуанчжоу (Қытай) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  KAZINFORM-ға сілтеп

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-сатыдағы қытайлық Ригел Темен кортқа шықты.

Бірінші партияда Бейбіт 7:5 есебімен Тені қапы қалдырды. Екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Жұқаев 12 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Те 6 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 119-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтоннан өтуге тырысып көреді.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 172-орынға көтеріліп тұр. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болмақ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар