бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 4:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық теннисші Еуропаның үздік ойыншысы атанды

Қазақстандық теннисші Еуропаның үздік ойыншысы атанды
Фото: ФТК
Жас спортшы биылғы маусымда табысты ойын өрнегін көрсетіп, 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Tennis Europe рейтингінде жылды 24-орынмен аяқтады.

14 жастағы қазақстандық теннисші Ахмади Мақанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа теннис қауымдастығының «Үздік шетелдік ойыншы» атағына лайық деп танылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жас спортшы биылғы маусымда табысты ойын өрнегін көрсетіп, 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Tennis Europe рейтингінде жылды 24-орынмен аяқтады.

Маусым барысында Ахмади Стокгольмде өткен, 14 жасқа дейінгілер арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Tennis Europe супер санатындағы Король кубогында жекелей сында чемпион атанды. Ал жұптық бәсекеде Avenue Cup, Tim Esson және Breslav Open турнирлерінде жеңіске жетті. Сонымен қатар ол Tennis Europe аясындағы жарыстардың бірінде жекелей сында финалға дейін жеткен.

Бұдан бөлек, Майамиде өткен Eddie Herr International Junior Championship беделді жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шығып, бұл кезеңге жеткен алғашқы қазақстандық теннисші ретінде тарихқа енді.

Ахмади Мақанов — Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, қазір Team Kazakhstan академиясында жаттығады. Оның жеке бапкері — Павел Цой.

Айта кетейік, бұл аталымды бұған дейін қазақстандық спортшылардан 2021 жылы Зара Дәркен, 2022 жылы Заңғар Нұрланұлы, 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков, ал 2024 жылы Аңсар Ниетқалиев иеленген.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар