Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026
- 94
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткен жекелей және жұптық сындағы рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінде финалда өнер көрсеткен Елена Рыбакина мен Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордтарына қол жеткізді.
Е.Рыбакина Польша өкілі Ига Швентекті артқа тастап, спорттық жолында алғаш рет екінші ракетка атанды. Сол секілді А.Данилина әлемдік рейтингіде 7-ден 4-орынға көтерілді. Бұл — оның да спорттық жолындағы ең үздік нәтижесі.
Жекелей сында Юлия Путинцева 76-дан 75-ке ауысса, біраздан бері жарысқа қатыспай жүрген Зарина Дияс 296-дан 312-ге, Жібек Құламбаева 388-ден 419-ға құлдырады.
Жұптық сында Ж.Құламбаева 140-орнында қалса, Ю.Путинцева 156-дан 209-ға төмендеді.
Енді Қазақстанның көшбасшы теннисшілері АҚШ-тағы Майами WTA 1000 жарысында сәтті ойнаса, рейтингілік ұпай қорын толықтыра алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жуалылық боксшы Бибарыс Әшірбай әлемдік турнирде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 наурыз, 2026
Сегіз қазақстандық боксшы Futures Cup турнирінің финалына өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 наурыз, 2026






