Спорт

Қазақстандық жүзгіштер Ислам ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жерлестеріміз 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) екінші нәтиже көрсетті.

Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя қашықтықты 03:43.14 уақытта жүзіп өтті.

Түркия алтын медаль жеңіп алды - 03:40.56, ал Индонезия үздік үштікті түйіндеді - 03:44.07.