Спорт

Қазақстанның бірінші ракеткасы Дубай турнирінің екінші кезеңіне өтті

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемдік рейтингте 80-сатыда тұрған германиялық Ян-Леннард Штруффке қарсы өткізді.

Айта кетейік, Штруфф Бублик үшін ыңғайсыз қарсыластардың бірі саналады. Бұған дейін қос теннисші бес мәрте кортта жолығып, соның үшеуінде неміс спортшысы басым түскен болатын.

Соған қарамастан, бұл жолы қазақстандық спортшы турнирді жеңіспен бастап, келесі кезеңге жолдама алды.