Қазіргі таңда Мақсұмның рекорды – 17 жеңіс және 2 жеңіліс
Қазақстандық ММА спортшысы Азат Мақсұмның келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 2025 жылдың 25 қазанында Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирі аясында америкалық файтер Митч Рапосомен октагонда жолығады. Жекпе-жек әйгілі Etihad Arena аренасында өтпек
Мақсұмның кәсіби рекорды – 17 жеңіс және 2 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Тагир Уланбековке төрешілер шешімімен жол берген болатын. Сондықтан алдағы айқас – қазақстандық спортшы үшін жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы беделін қайта арттырудың тамаша мүмкіндігі болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






