Спорт

Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға өте алмады

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде қарсылас команда 14:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Таиланд командасымен кездеседі. Таиландтықтар өз жартылай финалында Жапониядан жеңілген болатын.