Спорт

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қола жүлде иегері атанды

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Моңғолия өкілі Билгуунсайхан Хархуумен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Махмұд Сабырхан Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.