Спорт
Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар екі күміс еншіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:27
- 41
Жалпы, құрлықтық додаға 19 елден 300-ден астам спортшы қатысып, жарыс өз мәресіне жетті.
Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Юниорлар арасында омниум бағдарламасында Мұрат Күйтенов күміс жүлдегер атанды. Ал ересектер санатында мэдисон дисциплинасында Рамис Дінмұхаметов екінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бұл Мұрат Күйтенов үшін наурыз айындағы екінші Азия чемпионаты. Бұған дейін ол Сауд Арабиясының Әл-Қасим қаласында өткен тасжол велоспортынан құрлықтық біріншілікте чемпион атанған еді.
Келесі мақала






