Спорт

Бүгін Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандар кімдермен кездесетіні анықталды

Бұл туралы ҰОК мәлімдеді

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam жарысының екінші жарыс күні, 8 ақпанда қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін ел құрамасынан Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат, Айдар Арапов, Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров, Ғалымжан Қырықбай татамиге шығады.

8 ақпан

81 келі. Абылайхан Жұбаназар. Екінші айналымнан бастайды.
81 келі. Әділет Алмат — Омар Махмуд (Мысыр)
90 келі. Айдар Арапов — Йохан Ленц (Германия)
100 келі. Нұрлыхан Шархан — Куссай Бен Гарес (Тунис)
100 келі. Марат Байкамуров — Кэлвин Кпока (Оңтүстік Африка Республикасы)
100 келіден жоғары. Ғалымжан Қырықбай — Джон Мессе Бессон (Канада).