«Бұл – менің кінәм»: Әли Әлиев қызметінен кетті
Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген болатын.
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіз ойын көрсетіп, небәрі бес матчта үш ұпай ғана жинады. Соңғысы – Бельгияға қарсы кездесу аса ауыр соққы болды: 0:6 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін бас бапкер Әли Әлиев отставкаға кететінін мәлімдеді.
Әли Әлиевтің жетекшілігіндегі Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді (2:0) жеңгенімен, Уэльске (1:3, 0:1), Солтүстік Македонияға (0:1) және Бельгияға (0:6) қарсы матчтарда жеңіліп, ұпай жоғалтты.
Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді.