Спорт

Боксшы Виктория Графеева әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бұл туралы ҰОК мәлім етті

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Виктория Графеева (60 келі) ширек финалға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Ол 1/8 финалда англиялық Люси Кингс-Уитлимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында барлық раунд Викторияның басымдығымен аяқталды. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді 10 қыркүйек күні Графеева ¼ финал аясында Ситора Турдыбековамен (Өзбекстан) күш байқасады.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі 1/8 финалда оңтүстіккореялық Мун Каенді жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді ел құрамасынан тағы жеті қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия (16:00)

55 келі. Махмұд Сабырхан — Башким Бажоку
80 келі. Нұрбек Оралбай — Тоқтарбек Таңатхан

Кешкі сессия (22:00)

48 келі. Назым Қызайбай — Лила Зелецкий
50 келі. Санжар Тәшкенбай — Хутхайха Эшиш
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов — Георгий Кушиташвили
70 келі. Наталья Богданова — Сема Чалышкан
65 келі. Ертуған Зейнулинов — Патрис Мугалзай.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.