Спорт

Бокстан әлем чемпиондары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алады

Бұған дейін Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдаған еді

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласынд өткен бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл турнирдің ерекшелігі әлемдік бокс федерациясының жаңа құрылымы аясында ұйымдастырылған алғашқы ірі жарыс болды. М&S Bank Arena аренасында 68 елден келген 540 боксшы бақ сынады.

Қазақстанның "алтын" дәуірі

Тарихи жеңіс

Қазақ пен өзбек боксы арасындағы бәсеке бұл додада да жалғасын тапты. Соңғы нүктесін ауыр салмақта шаршы алаңға Айбек Оралбай қойды. Алтын жүлде үшін айқаста Оралбайды өзбекстандық Джахонгир Зокиров күтіп тұрды. Оны көпшілік "Баходир Жалоловтың ізбасары" деп атайды. Тартысты өткен жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Осылайша Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, ал Джахонгир Зокиров әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Спорт журналисі Жандос Айтбайұлының айтуынша, біздің боксшылар нағыз бабында болған.

Боксшыларға қандай сыйақы беріледі?

World Boxing ұйымы жеңімпаз атанған боксшыларға сыйақы тағайындамаған.

Бұған дейін Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдаған еді.