Спорт

Дастан Сәтпаевтың есімі Чемпиондар лигасы тарихына енді

Ол бұл голды небәрі 17 жас 110 күнінде қарсыластың қақпасына салды.

«Қайраттың» жас футболшысы «Копенхаген» қақпасына гол соғып, Чемпиондар лигасындағы ең жас гол соққандардың үздік үштігіне кірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Гол соққан сәтте Дастанның жасы 17 жас 110 күн еді – бұл көрсеткіш бойынша ол тек «Барселона» футболшыларына ғана жол береді.

Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар ТОП-3:

Ансу Фати («Барселона») – 17 жас 40 күн

Ламин Ямаль («Барселона») – 17 жас 68 күн

Дастан Сатпаев («Қайрат») – 17 жас 110 күн