Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды
Азия чемпионаты 16–18 сәуір аралығында өтеді.
Халықаралық дзюдо федерациясы Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне 18 спортшы енген.
Ерлер:
60 кг дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев
73 кг дейін: Есет Қуанов
81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг дейін: Айдар Арапов
100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров
Әйелдер:
48 кг дейін: Диана Бүркеева
57 кг дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
63 кг дейін: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
70 кг дейін: Ажар Асхат
78 кг дейін: Аруна Жангельдина
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, құрамда өзгерістер болуы мүмкін.