Спорт

Елена Рыбакина US Open-нің 4-ші айналымына өтті

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлемдік рейтингтің оныншы сатысындағы спортшы 2021 жылғы турнир чемпионы, Ұлыбритания өкілі Эмма Радукануды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Кездесу бар болғаны 1 сағат 3 минутқа созылды.

Рыбакина матч барысында қарсыласына брейк-пойнтке мүмкіндік бермей, өз ойынын толықтай үстемдікпен өткізді. Келесі кезеңде ол Жасмин Паолини мен Маркета Вондрушова арасындағы ойын жеңімпазымен кортқа шығады. Кездесу жексенбіге жоспарланған.

Айта кетейік, турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик үшінші айналымға дайындалуда. Сондай-ақ жұптық сында Анна Данилина жарысын жалғастырып жатыр.