Спорт
Елордада шпагамен семсерлесуден жаһандық дода ұйымдастырылады
- авторБақытжан Бекболат
- 2 наурыз, 2026
- 75
26–29 наурыз аралығында Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі өтеді.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет осындай деңгейдегі дода ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жарыс — Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) күнтізбесіндегі басты турнирлердің бірі. Бұған дейін Әлем кубогының кезеңдерін Марракеш пен Буэнос-Айрес қабылдаса, тұрақты ұйымдастырушылар қатарында БАӘ, Германия, Швейцария және Канада бар. Енді биылдан бастап осы беделді тізімге Қазақстан да қосылып отыр.
Биылғы турнирге әлемнің 96 елінен 600-ден аса спортшы қатысады деп жоспарлануда. Жарыстар ерлер және әйелдер арасында жеке және командалық сайыстар форматында өтеді.
Қазақстан құрамасы сапында ерлер арасындағы шпага бәсекесінде Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов ел намысын қорғайды.
Келесі мақала
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтіндігін мәлім етті
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан грек-рим күресінен Тиранада екі медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 1 наурыз, 2026





