Спорт
Гимнаст Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 маусым, 2025
- 579
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еркін жаттығулар бойынша өткен финалда қазақстандық Милад Карими 14.400 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.
Алтын жүлде филиппиндік Карлос Юлоға бұйырды – оның көрсеткіші 14.600 ұпай. Үздік үштікті 14.033 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Мун Гын Ён қорытындылады.
Осы сында тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин де бақ сынап, 13.833 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
Спорт
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






