Спорт
«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024
- 398
![«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2024/12/1733288063.jpg)
Бұл қаржыны клубтың бұрынғы басшысы сыбайластарымен бөлісіп алған
Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген.
- Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан тарихи алтынды еншіледі
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2025