жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем мойындаған «темір иек»: Головкин әлемдік рейтингте 11-орынға тұрақтады

Әлем мойындаған «темір иек»: Головкин әлемдік рейтингте 11-орынға тұрақтады
olympic.kz
Қазақ боксының мақтанышы Геннадий Головкин ESPN-нің үздік 25 боксшы рейтингінде 11-орыннан көрінді. Ол кәсіби мансабында 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жеткен, оның 37-сін нокаутпен аяқтаған.

Әлемге әйгілі ESPN спорт порталы 2000 жылдан бері рингке шыққан 25 үздік боксшының тізімін жариялады. Қазақ жанкүйерлерінің мақтанышы Геннадий Головкин бұл тізімде 11-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дереккөзде келтірілген мәліметке сүйенсек, Головкин кәсіби мансабында 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жеткен. 37 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшы бар-жоғы екі рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен. 

— 2006 жылдан 2022 жылға дейін өнер көрсеткен ол орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қатарынан 20 рет қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің көрсеткішін қайталады.

2008–2016 жылдар аралығында Головкин 23 қарсыласын қатарынан нокаутқа жіберіп, жанкүйерлер арасында «нокаут машинасы» атанды. Ал 2017–2022 жылдары мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үш мәрте қолғап түйістіріп, бір кездесу тең аяқталды, қалған екеуінде төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Дегенмен көптеген сарапшылардың пікірінше, Головкин кемінде бір жекпе-жекте жеңісті қоржынына салуға тиіс еді.

Ең бастысы, қазақстандық спортшының төзімділігі таңғалдырады. Ол 45 кәсіби жекпе-жегінде де нокдаунға түспеген. Тіпті 350-ге жуық әуесқой кездесуінде де ешқашан құламаған. Осы ерекшелігі үшін ол бокстағы ең берік «темір иектердің» бірі ретінде тарихқа енді.

Бүгінде Геннадий Головкин тәжірибесін ел спортының дамуына арнап келеді. Ол Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін атқарып, Халықаралық World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясын басқарады, – делінген әйгілі спорт порталы таратқан ақпаратта.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар