жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ришат Хайбуллин Франциядағы Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Ришат Хайбуллин Франциядағы Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Франциядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті.

Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.

Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды.

Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар