Спорт

"Семей" мен "Пьяст" тең тарқасты

Семейлік клуб қолда тұрған жеңісті қолдан уысынан алды

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Семей» өз алаңында польшалық «Пьяст Гливицені» қабылдап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, матч соңында жеңісті сақтай алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ойынның 4-минутында Дедезиньо есепті ашты, алғашқы тайм осылайша 1:0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін Камиль Герейханов 21-минутта айырмашылықты ұлғайтты. 35-минутта Дедезиньо дубль жасады — 3:0.

Алайда «Пьяст» ойыннан бас тартпады: Тейшейра Друммонд Ланса 35 және 36-минуттарда қатарынан екі гол соғып, есепті қысқартты. Ал матчтың соңғы минутында Мартинс Граса таразы басын теңестірді — 3:3.

Енді жауапты матч 5 желтоқсанда Гливицеде өтеді. Осы ойынның қорытындысы бойынша қай команда ширек финалға жолдама алатыны белгілі болады. Келесі кезеңде жеңімпаз Данияның «Йоррингі» мен Францияның «Этуалі» арасындағы жұптың үздігімен кездеседі.