Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріне шынайы алғысын білдіріп, үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Менің бір қуанатыным, бокс мансабымда жаман жанкүйер жаман жанкүйер жинамаппын. Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын! Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен. Бұл түсіне білгенге спортшы үшін үлкен бақ", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ жекпе-жек алдында Жәнібектің допинг-тесті оң нәтиже көрсетіп, сынамасынан мельдоний табылған еді. Осыған байланысты жоспарланған жекпе-жек өтпей қалған болатын.
Аймақтағы діни ахуал тұрақты
Ұқсас жаңалықтар
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 желтоқсан, 2025
Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 6 желтоқсан, 2025






