Спорт

Софияда өткен әлем чемпионатында Арман Мыса қола медаль иеленді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық жас балуан Арман Мыса дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік үштікке енді. Дода Болгарияның астанасы София қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Арман 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, қола жүлде үшін болған шешуші белдесуде венгриялық қарсыласы Милан Цабоны сенімді түрде жеңді. Осылайша жас спортшы Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Әлем чемпионатына әлемнің 71 елінен 551 спортшы қатысуда. Жарыс 30 тамызға дейін жалғасады.