Софиядағы турнирде Қазақстан қоржынына 11 медаль түсті
- авторБақытжан Бекболат
- 3 наурыз, 2026
- 771
Қазақстан құрамасы таеквондодан София қаласында (Болгария) өткен Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған байрақты бәсекеде Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) алтын медальға ие болды.
87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Ал Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін), Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Жазира Иссина (57 келіге дейін), Батырхан Кусетов (80 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Ресей бірінші орын алса, Иордания үздік үштікті түйіндеді.
Ұқсас жаңалықтар
Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 наурыз, 2026
Елордада шпагамен семсерлесуден жаһандық дода ұйымдастырылады
- авторБақытжан Бекболат
- 2 наурыз, 2026






