дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 19:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Төрехан Сабырхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға жолдама алды

Төрехан Сабырхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға жолдама алды
olympic.kz
70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Қытай боксшысы Пейчанг Уангпен қолғап түйістірді.

Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғап жүрген әлем чемпионы Төрехан Сабырхан кезекті қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.

70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Қытай боксшысы Пейчанг Уангпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Сабырханның басымдығы байқалып, ол қарсыласын бірнеше мәрте қыспаққа алды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, айқастың тағдырын ерте шешті.

Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді. Осылайша, Төрехан Сабырхан сенімді жеңіске жетіп, құрлықтық доданың финалына шықты.

Енді қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығып, чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар