жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін уақытша атқарады

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін уақытша атқарады
Фото: ҚФФ
Талғат Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы екі мәрте басқарған: 2016–2017 жылдары, 2020–2022 жылдары.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов атқарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kff_team сілтеме жасап. 

ҚФФ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарына дайындайды.

Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.

"ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар", - делінген хабарламада.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар