Спорт

Темірлан Анарбеков Мбаппені артта қалдырып, рейтингте көш бастады

Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков тарихи жетістікке қол жеткізді

Sofascore дерегінше, осы маусымда Чемпиондар лигасында 8.00-ден жоғары рейтингке қол жеткізген футболшылар саусақпен санарлық, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Төрт ойыншы ғана бұл межеден аса алған, солардың ішінде ең жоғарғы көрсеткіш — қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековте. Оның рейтингі — 8.90.

Одан кейінгі орындарда әйгілі Килиан Мбаппе (8.34), «Галатасарайдың» шабуылшысы Виктор Осимхен (8.33) және норвегиялық «Будё-Глимттің» қақпашысы Никита Хайкин (8.10) орналасқан.

Анарбековтің жасаған әсерлі сейвтері футбол мамандарының ерекше назарын аударып, оны маусымның басты сенсацияларының біріне айналдырды.