жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

UEFA Қазақстандық футболшының голын “сенсациялық соққылар” қатарына қосты

UEFA Қазақстандық футболшының голын “сенсациялық соққылар” қатарына қосты
Қазақстан футбол федерациясы
Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) өз ресми парақшасында мәлімдеді.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) өз ресми парақшасында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің Лихтенштейн қақпасына соққан голын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақ футболшысы соққан бұл әсерлі доп UEFA-ның қазан айындағы ұлттық құрамалар арасындағы матчтарда тіркелген ең үздік төрт “сенсациялық голдың” қатарына енді.

Ұйым сарапшылары Кенжебектің алыстан бағытталған қуатты әрі дәл соққысын “жылдам шешім мен мінсіз техника тоғысқан сәт” деп сипаттады.

Бұл гол 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан – Лихтенштейн ойынында соғылған. Сол матчта Ғалымжан екі рет қарсылас қақпасын дәл көздеген еді.

Қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде футболшыны қолдап, оның жетістігін ұлттық құраманың тарихындағы ең есте қаларлық сәттердің бірі деп бағалап жатыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар