Спорт

Уимблдон турнирі: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлім етті

Бүгін Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізеді.

Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи Макдональдпен кездеседі.