Заңғар Нұрланұлы Australian Open Juniors турнирінің жартылай финалына шықты
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық жас теннисші ширек финалдық кездесуде Гонконг өкілі Кай Томпсонмен тартысты матч өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберген Заңғар екінші сетте мінез көрсетіп, тай-брейкте 7:6 (7:4) нәтижесімен жеңіске жетті. Шешуші үшінші сетте де басымдық танытып, 6:4 есебімен матчты өз пайдасына аяқтады.
Айта кетейік, ертең Заңғар Нұрланұлы Australian Open Juniors турнирінің финалына шығу үшін кортқа шығып, финалдық жолдаманы сарапқа салады.