Жібек Құламбаева алғашқы WTA титулын жеңіп алды
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құламбаева Словения спортшысы Вероника Эрьявецпен бірге Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирде жұптық сынның жеңімпазы атанды.
Финалдық кездесуде олар жапондық Аяно Шимицу мен Момоко Кобориден құралған дуэтті 6:4, 6:2 есебімен айқын ұтты.