Заң

"1 млн доллар жымқырған": 10 жыл іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті

10 жылдан астам іздеуде жүрген аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аталған елденшетелдік азамат экстрадициялады.

Тергеу барысында көрсетілген тұлға 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдау жолымен иемденгені анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.